Defort DS-48N-LT User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
27
Аккумуляторлы бұрауыш
ҚЫЗМЕТІ
Аккумуляторлы бұрауыш құрастыру жұмыстары кезінде
бұрандалар мен бұрамашегелерді бұрап бекітуге жəне
босатуға арналған.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 1
ҚҰРЫЛҒЫ 2
1. Ажыратқыш / Айналу бағытының ауыстырып
қосқышы
2. Ұстаушы
3. Шам
4. Шамды өшіргіш
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Жарақаттар мен қауіпті жағдайлардың туындауын бол-
дырмау үшін аспапты осы нұсқаулықтың талаптарына
сəйкес пайдаланған жөн.
Саптамаларды қыстырылып қалған кезде аспапты
дереу сөндіріңіз
Зарядтағыш құрылғыны электрқоректендіру желісіне
тым ұзын ұұзартқыш арқылы қоспаңыз
Зарядтағыш құрылғы тек осы аспаптың аккумуля-
торын зарядтауға арналған. Сіздің қауіпсіздігіңізді
қамтамасыз ету мақсатында оны өзге батареяларды
зарядтау үшін пайдалануға кеңес бермейміз. Дəл
осы себеппен, бұл аккумуляторды өзге зарядтағыш
құрылғылармен зарядтамаған жөн
Аккумуляторды зарядтаудан бұрын зарядтағыш
құрылғының кернеуі қорек желісінің кернеуіне сəйкес
келетініне көз жеткізіп алыңыз
Мына жағдайларда зарядтағыш құрылғыны қорек
желісінен ажыратқан жөн:
- ол пайдаланылып жатқан кезде;
- оған техникалық қызмет көрсету барысында;
- оған аккумулятор қосқан кезде немесе одан
ажыратқан кезде
• +10
о
С төмен немесе +40
о
С жоғары температурада,
сондай-ақ жауынның астында, ылғалды үй-жайларда,
тез тұтанатын заттарға жақын жерде аккумуляторды
зарядтамаңыз
Жұмыс барысында аккумулятор қызады. Қызған акку-
муляторды зарядтамаған жөн
Зарядтағыш құрылғының желдету тесіктерінің ашық
қалуын қадағалаңыз
Зарядтағыш құрылғының ашасын розеткадан
ажыратқан кезде қорек сымына күш түсірмеңіз. Бұл
оның зақымдануына əкеп соқтыруы мүмкін
Зарядтағыш құрылғының қорек сымы бұзылған неме-
се тозған кезде оны жаңасына ауыстыру қажет
Аккумуляторды отқа немесе суға тастауға, жоғары
температура əсеріне ұшыратуға тыйым салына-
ды. Бұл қысқаша тұйықталуға, жарылысқа неме-
се қоршаған ортаға зиянды химиялық заттардың
шығуына əкеп соқтыруы мүмкін
Қысқаша тұйықталуды болдырмау үшін:
- аккумулятордың түйіспелеріне қосымша сымдар
жалғамаған;
- аккумуляторды қағаз
қыстырғыштар, монеталар, сым
темір бұйымдары сияқты кішкене металл заттардың
жанында сақтамаған жөн
Аккумуляторды +45
о
С жоғары температурада сақтау
оның істен шығуына əкеп соқтырады
Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында
аккумуляторды жəне зарядтағыш құрылғыны
бөлшектеуге немесе оларды өз бетіңізбен жөндеуге
кеңес берілмейді
Осы нұсқаулықтың ережелерін немесе температура
шарттарын сақтамаған жағдайда аккумулятор ағуы
мүмкін. Аккумулятордан шыққан электролит теріге ти-
ген жағдайда оны дереу сумен шайған жөн. электро-
лит
көзге тиген жағдайда оны 10 минут бойы сумен
шайып, содан кейін дəрігерге көрініңіз
Жаңа аккумуляторды пайдалануға енгізу
үшін:
1) аккумуляторды жұмыс режимінде толық разрядтау
2) аккумуляторды штаттық зарядтағыш құрылғының
көмегімен 3-5 сағат бойы зарядтау
3) аккумулятордың есептелген сыйымдылығына қол
жеткізу үшін жоғарыда көрсетілген (1-2) қадамдарды 3-5
рет қайталау қажет
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ
КҮТУ
Техникалық қызмет көрсету алдында
аспапты аккумулятордан ажыратыңыз!
Əрбір жұмыс аяқталғаннан кейін аспаптың корпу-
сы мен желдету тесіктерін жұмсақ матамен немесе
салфеткамен кірден жəне шаңнан тазалауға кеңес
беріледі. Ластарды кетіру үшін бензин, спирт, аммиак
ерітінділері жəне с.с. еріткіштерді пайдалануға бол-
майды. Еріткіштерді қолдану аспаптың корпусының
зақымдануына əкеп соқтыруы мүмкін.
Аспап
қосымша майлауды қажет етпейді.
Бұзылған жағдайда SBM Group сервис қызметіне
хабарласыңыз.
Никель-кадмий аккумуляторлары қайта өңдеуге жа-
тады. Олардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін олар-
ды ең жақын орналасқан арнайы ұйымға немесе SBM
Group сервис тобына өткізулеріңізді сұраймыз.
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments